Select Page

FAQ

FAQ Frequently Asked Questions

APEC PetroTechnic жоғары колледжінің сайтына қош келдіңіз!

FAQ бөлімінде сіз барлық өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз. Біз, сізді қызықтыратын салаларды барынша қамтуға тырыстық. Әрине, алғашқы кезекте білімге қатысты сұрақтарға жауап іздедік.

Сонымен,

Оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ туралы құжатты рәсімдеу үшін:

  1. 3*4 сурет (4 дана)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі (4-5 дана)/туу туралы куәлік (егер 16 толмаса ) (4-5 дана)
  3. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат, диплом)
  4. Флюоросуретпен қоса берілетін № 086 анықтама. (түпнұсқа) (Флюоросурет міндетті түрде)
  5. Квота алушылар үшін жеңілдікті растайтын құжат
  6. Түссіз пластикалық папка (8 файл) керек.
Құжаттарды қабылдау қашан басталады?

Соvid-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы құжаттарды қабылдау Жоғары колледждің сайтында онлайн форматта жүргізіледі.

1 кезең. Сауалнаманы онлайн толтыру. 2020 жылдың 1 маусымынан – 20 шілдесіне дейін.

2 кезең. Емтиханды онлайн тапсыру. 2020 жылдың 1 шілдесінен – 1 тамыз аралығында. Пән

бойынша нәтиже бірден жеке кабинетте, ал ағылшын тілінен келесі күні көрсетіледі.

  1. – кезең. 2-10 тамыз аралығында мемлекеттік гранттарқа емтихан тапсырушылар арасында

конкурс өтеді. 10 тамызға дейін грант иегерлерінің тізімі жарияланады.

4 кезең. 2020 жылдың 15 мен 31 тамыз аралығында құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру және

оқуға келісім-шарт жасау жүреді.

Қабылдау емтихандарын қашан тапсыруға болады?

2020 жылы алғаш рет, қабылдау емтихандары онлайн форматта, 20 адамнан құралған топтарға бөлініп apec.edu.kz сайтында өтпек. Талапкер сайтқа тіркелген соң Жеке Кабинетіне емтиханың өтетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ түрлі нұсқаулықтарды алып отырады. Емтихан нәтижелері де талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі. Алайда, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 2020 жылдың 10 тамызына дейін жарияланады.

Алдын ала дайындық тестілеуден өту үшін APEC PetroTechnic сайтына кіріңіз. Әр пәннен 25 сұрақ берілген. Бір тест тапсырмасына дұрыс жауап берсеңіз – 1 балл иемденесіз. Пәннен 8 балдан төмен алған талапкер грант конкурсына жіберілмейді. Сіз емтиханды 1 реттен артық тапсыра алмайсыз.

1 кезең. Сауалнаманы онлайн толтыру. 2020 жылдың 1 маусымынан – 20 шілдесіне дейін.

2 кезең. Емтиханды онлайн тапсыру. 2020 жылдың 1 шілдесінен – 1 тамыз аралығында. Пән бойынша нәтиже бірден жеке кабинетте, ал ағылшын тілінен келесі күні көрсетіледі.

  1. – кезең. 2-10 тамыз аралығында мемлекеттік гранттарқа емтихан тапсырушылар арасында конкурс өтеді. 10 тамызға дейін грант иегерлерінің тізімі жарияланады.

4 кезең. 2020 жылдың 15 мен 31 тамыз аралығында құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру және оқуға келісім-шарт жасау жүреді.

Оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек?

Алдын ала дайындық тестілеуден өту үшін APEC PetroTechnic сайтына кіріңіз. Әр пәннен 25 сұрақ берілген. Бір тест тапсырмасына дұрыс жауап берсеңіз – 1 балл иемденесіз. Пәннен 8 балдан төмен алған талапкер грант конкурсына жіберілмейді. Сіз емтиханды 1 реттен артық тапсыра алмайсыз.

Қабылдау емтиханы қай пәндер бойынша өтеді?
Мамандықтар Қабылдау емтихандары
9-шы сыныптан соң 11-ші сыныптан соң
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану

(сала бойынша)

Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Мұнай және газ өндіру технологиясы Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Химиялық инжиниринг технологиясы Химия, Ағылшын тілі Химия, Ағылшын тілі, Тарих
КИП инжиниринг технологиясы Физика,

Ағылшын тілі

Физика, Ағылшын тілі, История
Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша) Физика,

Ағылшын тілі

Физика, Ағылшын тілі, Тарих
Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Қабылдау емтихандарын тапсыру міндетті ме?

Талапкердің ҰБТ-ның екі кезеңінен өткендігін растайтын құжат болған жағдайда, тек ағылшын тілінен емтихан тапсыру жеткілікті. Сондай-ақ, талапкердің жоғары  білімі болған жағдайда да тек ағылшын тілінен емтихан тапсыру керек.

Емтиханға қалай дайындалуға болады?

“APEC PetroTechnic Жоғары колледжі” ЖШС сайтында сынақ тесттері бар. Оларды тапсыру арқлы  сіз өз біліміңізді тексере аласыз. Сонымен қатар, Колледж базасында ашылған дайындық курсына жазылуға болады.  Телефон: 8 701 121 29 05 немесе 8 708 421 6500.

Ағылшын тілін білу деңгейі төмен болса не істеу керек? Колледж базасында дайындық курстары бар ма?

Колледж базасында дайындық курсы  ашылды. Оған сіз 8 701 121 2905 немесе 8 708 421 6500 нөміріне телефон соғып, нақты ақпарат біле аласыз.  Оған ағылшын тілі, химия, физика, математика пәндері кіреді.

Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ тапсырмауға бола ма?

Әрине, бізде өзімізде қабылдау емтихандары бар.

Мен қайда орналасамын? Жатақхана бар ма?

Колледж базасында 480 студентке арналған жатақхана ашылды. Жылына 50 000 теңге.

Оқыту қанша тұрады?

Білім беру грантына сәйкес оқу жылы 352 500 теңгені құрайды. Бірақ бюджетке түсудің мүмкіндігі де бар. Барлығы конкурс нәтижелеріне байланысты.

Барлық мамандықтарға грант бар ма?

Жоқ, грант “Автоматтандыру және басқару” және “Ақпараттық жүйелер” мамандықтарына берілмейді. Осы мамандықтар бойынша тек ақылы негізде оқуға болады.

Бірнеше мамандық бойынша грант конкурсына қатысуға бола ма?

Иә, егер бұл бір пән бойынша түсу емтиханын талап ететін мамандықтар болса. Мысалы, математикадан тест тапсырушы үш мамандық бойынша грантқа құжаттар тапсыра алады: Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы, Мұнай және газ кен орындарын пайдалану, Мұнай және газ өндіру технологиясы

Жоғары стипендияны алу мүмкіндігі бар ма?

Әрине. Үлгерімі жақсы болған жағдайда ғана.

Жоғары колледжді бітіргенде қандай диплом алады?

Жоғары колледжді бітірген түлектерге, қазақстандық үлгідегі диплом табысталады.  Ал “Электрмен жабдықтау”, “КИП инжиниринг технологиясы” мамандықтарының ең үздік студенттері MCAST – халықаралық үлгідегі сертификат алады.

Сабақты кімдер жүргізеді?

Сабақты қазақстандық оқытушылар жүргізеді. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша ағылшын тілінде, ал жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Колледждің біраз оқытушылары шетелде тағылымдамадан өткен.

Түлектерді жұмысқа орналастыра ма?

Ірі шетелдік және қазақстандық компаниялар қатысатын «Бос орындар жәрмеңкелері» тұрақты түрде өткізіледі. Сондай-ақ, арнайы мамандар студенттерді әңгімелесуде өзін қалай дұрыс ұстауға, түйіндемені сауатты ресімдеуге үйретеді. Қорыта айтқанда, табысты жұмысқа орналасу үшін барлық жағдай жасалуда. Қалғаны студенттің өзіне байланысты!

Оқы мерзімі қанша жыл?

Оқу мерзімі 11 сыныптан, колледжден немесе ЖОО-нан кейін 2 жыл 10 айды құрайды. Ал 9 сыныптан кейін келсе 3 жыл 10 ай оқиды.

Студенттерге арнайы киім формасы қарастырылған ба?

Киім үлгісі – еркін. Бірақ оқушы этикетінің нормаларына сәйкес.

Студенттер бос уақытын қалай өткізеді?

Колледжде бірнеше студенттік клубтар ашылды. Әркім өзін кез келген бағытта дамыта алады: КВН, музыка, би, немесе ғылыми қызмет болсын.

Powered by themekiller.com