Select Page
2019 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің «Білім берудегі әріптестік оқыту сапасын арттыру факторлары» тақырыбында конференция өтті.
_EAC0560 _EAC0544 _EAC0596
Конференция барысында: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, бизнес-қауымдастықпен әріптестік негізінде жұмыс берушілерді тарту, ТжКБ ұлттық жүйесінің беделін арттыру, техникалық қызмет көрсетушілерді  халықаралық дәрежеде оқыту сияқты мәселелер қарастырылады.
Конференцияның тақырыптық алаңында бірнеше панельдік сессия өткізілмек, ал панельдік сессияның өз алдына негізгі мәселесі болып білім беру мен бизнес-қоғамдастықпен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болып табылады. Атап айтқанда, келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
• халықаралық білім беру кеңістігін құру перспективалары;
• өндіріс пен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдері;
• ҚР ТжКБ жүйесіндегі дуалды білім беруді одан әрі дамытудың перспективалары;
• коммерциялық жобаларды іске асыру арқылы білім беру мекемелерінің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.
_EAC0503 _EAC0492
Іс-шара аймақтағы кәсіпорындар мен колледждер арасында білікті мамандарды даярлау, «ЖасМамана» жобасын жүзеге асыруда өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, WorldSkills аймақтық және салалық чемпионаттарының өткізілуіне және Ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысуына барынша ықпал етеді.

Powered by themekiller.com