Select Page

АРЕС PetroTechnic дегеніміз не?

“APEC PetroTechnic” Жоғары колледжі – мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті қызметкерлерді даярлаумен айналысатын бірегей оқу орны. Оқыту South Alberta IT, Canada бағдарламаларына негізделген.

 АРЕС PetroTechnic принциптері:

Сапа, инновация, жоғары дайындық деңгейі, икемділік және нәтиже.

АРЕС PetroTechnic артықшылықтары:

 – Тәжірибеге бағыттау және жұмысқа орналтыру;

– Оқу ордасы Tengizchevroil, NCOC, ҚазМұнайГаз және т. б. өндіріс орындарында қолданылатын жабдықтармен толық қамтамасыз етілген;

– Жеке жоспарлар мен дуальды оқыту;

– Білім беру бағдарламасы халықаралық стандарттарға сай;

– Оқытушылар OPITO, IOSH, NCCER сынды халықаралық құжаттармен сертификатталған;

– Жатақхана, жаттығу залы, стадион, асхана, медорталық және АРЕС аумағында бейнебақылау бар;

– Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Түлектердің 90+% жұмыс табады;

– Модульдік оқыту түлектердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

 APEC PetroTechnic Жоғары колледжіне оқуға түсу үшін:

 9-шы және 11-ші сыныпты аяқтаған абитуриент ағылшын тілі, физика, математика, химия және қазақстан тарихы бойынша оқуға түсу емтихандарын тапсырады.

1 кезең. Онлайн сауалнаманы толтыру. 2020 жылдың 1 маусымынан – 20 шілдесіне дейін.

2 кезең. Емтиханды онлайн тапсыру. 2020 жылдың 1 шілдесінен – 1 тамыз аралығында. Пән бойынша нәтиже бірден жеке кабинетте, ал ағылшын тілінен келесі күні көрсетіледі.

  1. – кезең. 2-10 тамыз аралығында мемлекеттік гранттарқа емтихан тапсырушылар арасында конкурс өтеді. 10 тамызға дейін грант иегерлерінің тізімі жарияланады.

4 кезең. 2020 жылдың 15 мен 31 тамыз аралығында құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру және оқуға келісім-шарт жасау жүреді.

 АРЕС-КЕ ТҮСУ ЕМТИХАНЫ

 2020 жылы алғаш рет, қабылдау емтихандары онлайн форматта, 20 адамнан құралған топтарға бөлініп apec.edu.kz сайтында өтпек. Талапкер сайтқа тіркелген соң Жеке Кабинетіне емтиханың өтетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ түрлі нұсқаулықтарды алып отырады. Емтихан нәтижелері де талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі. Алайда, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 2020 жылдың 10 тамызына дейін жарияланады.

Алдын ала дайындық тестінен өту үшін APEC PetroTechnic сайтына кіріңіз. Әр пәннен 25 сұрақ берілген. Бір тест тапсырмасына дұрыс жауап берсеңіз – 1 балл иемденесіз. Пәннен 8 балдан төмен алған талапкер грант конкурсына жіберілмейді. Сіз емтиханды 1 реттен артық тапсыра алмайсыз.

 Оқуға қабылдау туралы құжатты рәсімдеу үшін:

  1. 3*4 сурет (4 дана)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі (4-5 дана)/туу туралы куәлік (егер 16 толмаса ) (4-5 дана)
  3. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат, диплом)
  4. Флюоросуретпен қоса берілетін № 086 анықтама. (түпнұсқа) (Флюоросурет міндетті түрде)
  5. Квота алушылар үшін жеңілдікті растайтын құжат
  6. Түссіз пластикалық папка (8 файл) керек.

 

Мамандықтар Қабылдау емтихандары
9-шы сыныптан соң 11-ші сыныптан соң
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану

(сала бойынша)

Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Мұнай және газ өндіру технологиясы Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Химиялық инжиниринг технологиясы Химия, Ағылшын тілі Химия, Ағылшын тілі, Тарих
КИП инжиниринг технологиясы Физика,

Ағылшын тілі

Физика, Ағылшын тілі, История
Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша) Физика,

Ағылшын тілі

Физика, Ағылшын тілі, Тарих
Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) Математика, Ағылшын тілі Математика,

Ағылшын тілі, Тарих

 

Мекен-жайы:

Атырау қ., Нурсая ы/а., Елорда 24

+7 7122 760456; ішкі нөмір:1106

Whatsapp, telegram +7 707 511 2610

info@apec.edu.kz, tbozekenov@apec.edu.kz

Powered by themekiller.com