Қазан айының 26-шы жұлдызында «APEC PetroTechnic жоғары колледжінде» «Сандық технология заманындағы адами құндылықтар капиталының дамуы» атты Халықаралық Конференциясы өтті. Шараны колледж директоры Е.Кузенбаев «Орта-мамандандырылған білім берудегі инновациялар.Еңбек нарығын сапалы мамандармен қалай толтыруға болады?» атты тақырыптағы баяндамасымен ашты. Сондай-ақ Конференция барысында «Сандық технологиялар заманында адами ресурстарды қалай біріктіруге және нығайтуға болады?», «Сандық технологиялар заманында HR адами құндылықтар капиталын өсіруге қандай үлес қосады?» ( Dr. Phillipe Laurent, Geneva Bussiness School), «Адам капиталын басқару саласындағы инновациялық және ақпараттық технологиялардың орны», «Адам капиталын басқарудағы тәжірибелік-бағыттық тәсілдемелер» (Асылбекова Лейла Умирзаковна, Geneva Bussiness School), «Корпарация ішіндегі жобалау кәсібі. Әртараптандыру және қызметкерлерді дұрыс басқару арқылы кірісті көбейту» ( Арман Хамитбеков, Fircroft), «2018 ж бастап өзгеріс енген Қ.Р. Еңбек Кодексінің толықтыруы мен еңбек қарым-қатынасының заңды реттелуі» ( Құспанова Гүлнар Набиқызы, Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы), «Болашақ дағдысы» (Күнжамиля Сахайн, Bolashak Atyrau) сынды баяндамалар оқылды. Аталған тақырыптағы жұмыстар Конференцияға қатысушылардың арасында танымдық қызығушылық тудырып, қызу талқыланды.

_EAC4596

_EAC4668

_EAC4720

_EAC4723

Возникли вопросы?

Powered by themekiller.com