Выбрать страницу

«Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті кадрларды даярлауға арналған жаңа жолдар» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция.

2016 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті мен «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті кадрларды даярлауға арналған жаңа жолдар» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясын өткізілді.
Бұл конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы ТжКБ беру ұйымдарындағы оқыту үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені әрі қарай тарату үшін «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен SAIT Polytechnic (Саит Политехник, Канада) шетелдік серіктестігінің бірлескен жобасы Атырау қаласындағы «APEC PеtroTechnic жоғары колледжі» ЖШС-нің практикалық жұмыс тәжірибесімен таныстыру. Атырау қаласындағы «APEC PеtroTechnic жоғары колледжі» ЖШС-де оқыту техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі әлемдік стандарттарға сәйкес және шетелдік әріптес-көшбасшылармен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылады.
«Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті кадрларды даярлауға арналған жаңа жолдар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Қазақстан өңірлерінің ТжКБ беру ұйымдарында мамандарды кәсіби даярлау жүйесіне қатысты сұрақтарды талқылау, инновациялық экономиканың талаптарына сәйкес білім беру нарығындағы жұмысшы мамандарының беделін көтеру алаңы болып табылады.
Конференция бағдарламасы пленарлық және үш секциялық жұмыстан: 1.Білім беру бағдарламалары мазмұнындағы инновациялар – кәсіби даярлық деңгейінің сапасын арттырудың негізі», 2. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары» және 3. «Индустриалдық кеңес оқу процесінің инновациялық мазмұнын қалыптастыруда жұмыс берушілердің қатысуының құралы» тұрады.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысына Атырау облысының әкімі, ҚР Білім және ғылым вице–министрі, SAIT Polytechnic (Канада) Вице-президенті, British Council (Британдық кеңес), Қазақстандағы GIZ герман қоғамы, Атырау облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Білім басқармасының және Қазақстанның барлық өңірінің оқу орындары, Атырау өңірінің өндірістік кәсіпорындары мен бизнес құрылымдары басшылары мен өкілдері қатысады.

Powered by themekiller.com