Сүйінші! АРЕС колледжінің студенті жүлдемен оралды!
Әзірбайжанда өткен SPE (ағылшын Society of Petroleum Engineers, SPE) Аумақтық Студенттер Саммиті нәтижесі бойынша APEC PetroTechnic колледжінің үшінші курс студенті Ғайса Ерғалиев жүлделі екінші орынға ие болған. Аталмыш шара жыл сайын екі елдің астаналарында — Астана мен Баку қалаларында өтеді.
Биыл осы саммитте Каспий жағалауында орналасқан төрт мемлекеттің өкілдері жиналған. Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Түрікменстан елдерінің мұнай және газ саласын игеруге бар күшін салған озық студенттер өз білімін көрсетіп, тәжірибе алмасқан.
Жалпы сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушыларды топқа бөліп, тапсырмалар берді. Әр топ бір мемлекеттің екі өкілі бар алты адамнан құрылған. Бірінші кезеңде командалық сайыс болып, Ғайсаның тобы көлбеу жазықта бұрғылау есептерін шығарды. Теориядан қателессе, мұнайдың жану мүмкіндігі бәріне мәлім болатын. Сондықтан бәрін тиянақты өткізуге тырысқан. Екінші кезең – жеке тапсырма. Мұнда АРЕС студенті Каспий теңізінің танкерлеріндегі мұнай қалай төгілетінін және оның қалдықтарын қалай тазалауға болатынын анықтады . «Тапсырма мен үшін оңай болды. Маған үлкен пайдасын тигізген «Атырау мұнай өңдеу зауытында» алған іс-тәжірибе мен білім.
Айта кетсек, APEC SPE Student Chapter 2015 жылы құрылды. Сол жылдан бері топтың мүшесі болып келе жатқан Ғайсаның бұл екінші жеңісі. Бұдан бұрын Астанада өткен саммитте номинацияға ие болған. Осыған қоса, Әсел Жұмағұлова мен Асемгуль Ниязбаева APEC SPE Student Chapter өкілдері өздерінің жобаларын әлемдік деңгейде Индия мен Тайланд елдеріне көрсетіп, марапаттарға ие болды.

Powered by themekiller.com