Выбрать страницу

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі мен «APEC PetroTechnic» Жоғары колледж ЖШС-гінің басшылары кездесіп, өзара ынтымақтастық келісім-шартқа қол қойды.

Атырау облысындағы қос бірдей Жоғары колледж ендігі кезекте кейбір айтулы жобалар мен шараларды жұмыла ұйымдастыратын болды. Оқу ордаларының білікті ұстаздары болса өзара тәжірибе алмасады. Материалдық-техникалық базаны қолдану аясында да мамандар қашанда бір-біріне кеңес беріп тұруды мақсат тұтты.

Колледж басшылары Жанарбек Жаңабайұлы мен Мұстахим Харенұлы алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жұмыстарды кеңінен талқылады.

Екі колледж арасында берік орнаған серіктестік, достық қатынас ендігі кезекте нығая бермек.

Powered by themekiller.com