Выбрать страницу

«APEC PetroТechnic» Жоғары колледжі, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері «Google» мекемесі, Швейцария Конфедерациясының Цюрих қаласындағы филиалының Senior Software Engineer маманы Ержан Сүлейменовпен онлайн кездесу өткізді.

Басқосу барысында, ақпараттық жүйелер саласындағы мәселе кеңінен айтылды. Студенттер көкейінде жүрген сұрақтардың нақты, әрі тұшымды жауабын білікті маманан біліп алды. Күн санап қарыштап дамып келе жатқан IT саласының өзге кәсіппен байланысын, артықшылығын, озығы мен тозығын талқылады.

Сондай-ақ Ержан Сүлейменов тіс қаққан IT маманы болуы үшін математиканы терең зерттеп, зерделеу қажет екендігін баса айтты. Ал IT мекемесіне жұмысқа орналасу үшін де белгілі бір бағдарламаларды бүге-шүгесіне дейін үйреніп алған жөн екен.

Кездесудің басты мақсаты, білім алып жатқан жастарға ақпараттық жүйелер саласында үлкен жетістікке жету үшін нақты қандай қадамдар жасау керектігін ұғындыру. Ал студенттер болса әлемнің кез-келген ең ірі IT компанияларына жұмысқа орналасуға болатындығын түсінді. Бастысы, қажырлы еңбек пен білікті маман болуға талпыныс.

Алдағы күндері, «APEC PetroТechnic» Жоғары колледжінің қызметкерлері мен ұстаздары да осындай үлгідегі онлайн кездесулерді жоспарлап отыр. Біз өз кезегімізде, Ержан мырзаның жұмысына сәттік тілеп, шығармашылық жұмыстары шыңдала берсін демекпіз. Алтын уақытын бөліп, онлайн кездесуге келісім бергені үшін алғыс білдіреміз!

Айта кетейік, Ержан Сүлейменов Атырау облысы, Қосшағыл елді-мекенінің тумасы. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 2008 жылғы түлегі (қазіргі Білім Инновация Лицейі). Лицейді тәмамдаған соң ҚБТУ-ға оқуға түседі. Бір жылдан кейін «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының стипенциясын ұтып алады. Осылайша, АҚШ-тағы Illinois Urbana-Champaign университетінен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып шығады. Кейін бірден «Google» мекемесіне жұмысқа орналасады. Қазір Ержан Сүйлейменов әлемнің айтулы компаниясында қызмет етіп келе жатқанына 7 жылдан асты.

Powered by themekiller.com