Выбрать страницу

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 70 – жылдық мерей тойына орай, «Гір спорты мен қол күрестен» студенттер арасында ашық турнир өтті.

Жарысқа, Маңғыстау, БҚО-нан жасөспірімдер құрама командасы келді. Сондай-ақ, Атырау мұнай газ университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің, Атырау инженер гуминарлық университетінің жастары қатысты. Аталмыш додада біздің Apec PetroTechnic Жоғары колледжінің студенттері де бақтарын сынады. Спортшыларымыздың еңбегі зая кетпеді. Қоржында күміс медаль мен арнайы «Алғыс хат» бар.

Бабы мен бағы қатар келіскен студентіміз Телентенова Жазира 63 кг салмақта «Гір тасын көтеруден» жүлделі III-орынға ие болды.

Ал Жақыпов Дәурен «Гір тасын көтеру спорты мен қол күрестен» қарсыластарына есе жіберіп алды. Алайда, намысты ту еткен жастың еңсесі түсе қоймады. Керісінше, үлкен жарыстарға қатысуға деген ынта-жігері арта түсті.

Біздің мақтаныштарымыз жеңіс тұғырына бірген жеткен ұстаздарымен «Apec PetroTechnic Жоғары колледжі» ЖШС директоры Жанарбек Жанабайұлының жеке қабылдауында болды. Колледж басшысы спортшыларды құттықтап, алғысын білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады. Сондай-ақ, спорт комплекстің меңгерушісі Темірболатов Ринатқа «жастарды спортқа баулып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін» арнайы грамота берді. Ал студенттерді жарысқа баптайтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асхат Сүндетұлына зор алғысын білдірді.

Алға, APEC PetroTechnic Жоғары колледжі!!!

 

 

Powered by themekiller.com